ЖОЛАУШЫЛАР ПОЕЗЫНАН ҚЫЗМЕТТІК ИТ КӨМЕГІМЕН ЕСІРТКІ ЗАТЫ ТАБЫЛДЫ
Іс құжаттарына сәйкес, жолаушылар поездында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ральф атты иттің көмегімен полиция қызметкерлері Е-ден пакетке оралған жалпы салмағы 5,66 грамм болатын есірткі затын тапқан.
Сарапшы қорытындысында оның салмағы - 5,66 грамм болатынын гашиш екендігі анықталды.
Сот үкімі бойынша сотталушы Е. ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 113 450 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.