ИСЛАМИАДА-2017. ДЗЮДОШЫЛАР ҚОС ҚОЛА МЕДАЛЬ АЛДЫ
Әзірбайжан астанасы Бакуде Ислам ынтымақтастық ойындарында дзюдо бойынша сайыстар аяқталды. Дзюдошыларымыз Еламан Ерғалиев (+100 кг) пен Гүлдана Әлмұханбетова (52 кг) Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан қоржынына қос қола медалін салып, ел намысын абыроймен қорғады.
Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан құрамасы дзюдо бойынша жарысты 2 қола медальмен 34 ел ішінде 8 орынға тұрақтады. Исламиадаға алғаш рет қатысқан 7 дзюдошымыз мынадай нәтижемен жарысты аяқтады: Гүлдана Алмұханбетова (52 кг) – қола, Еламан Ерғалиев (+100 кг) – қола, Бауыржан Жауынтаев (60 кг) - 5 орын, Мейіржан Қалтаев (66 кг) - 5 орын, Виктор Демьяненко (-100 кг) - 5 орын, Бекәділ Шаймерденов (73 кг) - 7 орын, Салтанат Сұлтанбекова (48 кг) - іріктеу кезең.