ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАЙҚОҢЫР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР
Қызылордада «Байқоңыр» төртінші халықаралық инвестициялық форумы аясында бірқатар шара өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жарты жыл сайын ұйымдастырылатын бұл жолғы форумға 300-ден астам мейман келді. Бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу, дамыту институттары, банк секторлары және мемлекеттік органдар өкілдерінің басты мақсаты - аймақтың экономикалық мүмкіндігін бағамдау.
Алдымен жұлдызды қала төрінде инвестициялық форум бағдарламасына аясында «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясы консультативті комитетінің» отырысы өтті. Ауқымды жиынға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Еуразиялық экономика комиссиясының мүшесі, Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов, еліміздің және шет елдердің инвесторлары, кәсіпкерлері, қаржылық сектор өкілдері қатысты. Жиында жеті мәселе қаралды. Онда кәсіпкерлікті өрістетудің тиімді тетіктері, дамыту жолдары, жайлы мәселелер талқыға түсті.
Форумның басты мақсаты шетелдік және отандық инвесторлар мен индустриалды, туристік, аграрлық салалардағы компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық орнату, инвестициялық климатты одан әрі жақсартып, қаржылық инфрақұрылымды дамыту.
Мұнан соң форумға қатысушылар «Қорқыт ата» мемориалды кешеніне аялдап, жұмысымен танысты. Бүгін форумның негізгі шаралары өтеді. Аймақ үшін маңызды 11 меморандумға қол қойылады деп күтілуде.