ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
«Колониядағыларды жұмыспен қамту-2017» жобасын іске асыруда қылмыстық атқару жүйесінің жұмысын үйлестіру мен қадағалауға прокуратура органдары барынша назар аударып келеді.
Осы бағытта облыстық прокуратура өңірдегі сотталғандардың жұмыспен қамтылу жағдайына орай ҚАЖД-не прокурорлық ықпал ету актілері енгізді. Жергілікті атқарушы және құзырлы мемлекеттік органдарға ақпараттар жолдады. Сотталғандарды жұмыспен қамтуда облыс әкімдігі жанындағы Консультатитвтік-кеңес органының құзыры пайдаланылды.
Облыс прокурорының аға көмекшісі Мейрамхан Ибрашевтің айтуынша осындай шаралар арқасында «Байсер кірпіш зауыты» ЖШС ЗК-169/4 қоныс-колониясында кірпіш шығаратын өндіріс орнын іске қосып, жазасын өтеп жатқан 40 азамат жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ, қатаң режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесінде де жаңа өндіріс орындарын ашу жалғастырылды. Осыған орай бұл мекемеде консультативтік-кеңес органының отырысы өткізіліп, оған бизнес өкілдері қатысқан болатын.
Отырыста жаңа өндіріс орындарын, оның ішінде кірпіш зауытын іске қосу туралы шешімдер қабылданды.
Жуырда мекемеде кірпіш зауыты іске қосылып, 31 сотталған жұмыспен қамтылды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі