18 МАМЫРДА ЕЛ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 18 мамырда Қазақстанның барлық аймақтарында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман, жел күшейеді, оңтүстікте жел тұрып, шаң көтеріледі. Тек солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста жауын-шашынсыз.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні шаңды дауылмен 23 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с.
Қостанай обылысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жыдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік жүреді.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.