АРАЛ МАҢЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТЕХНОГЕНДІК АПАТТАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУ ҚАЖЕТ
Өзінің экологиялық-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық салдарларымен Орталық Азия аймақтарының тұрақты дамуына қауіп төндіретін Арал маңындағы экологиялық жағдайды техногендік апаттардың бірі ретінде қарастыру керек.
Бұл туралы ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Нұрлан Аққошқаров Үргеніште «Экологиялық апат салдарын жеңілдету бойынша Арал теңізі бассейні аймақтарының ынтымақтастығын дамыту» халықаралық конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Н.Аққошқаров атап өткендей, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғатты тиімді пайдалану салаларының даму негізі ШЫҰ құжаты - 2007 жылғы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақмерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартында көрсетілген.
"Қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастықты нығайту үшін ШЫҰ мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласында ынтымақтастық тұғырнамасын енгізу ұсынылды. Оның жобасы ұйым кеңістігіндегі халықтың өмір жайлылығы мен биологиялық балансын сақтау мақсатында құрылуда", - деп қосты ол.