ҚҰРМЕТТІ ИНТЕРНЕТ ФОРУМНЫҢ БАЯНДАМАШЫЛАРЫ МЕН ҚАТЫСУШЫЛАРЫ!
Қызылорда облысының әкімдігі 2017 жылдың 18 мамырында өткізілуі жоспарланған «Байқоңырда бизнес дамуы мүмкін бе?» атты ІІ халықаралық интернет-форумның өткізілу уақыты 2017 жылғы маусым айына ауысқанын хабарлайды.
KZ-CERT компьютерлік қақтығысына орай, «Облыстық мекеме үйінде» ағымдағы жылдың 11 мамырында интернет желілерінің қауіпті жүктелімі анықталды.
Осыған орай Қызылорда облысының әкімдігі туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.
Интернет-форумның нақты өтетін уақыты қосымша хабарланатын болады.
Қызылорда облыс әкімінің баспасөз қызметі