КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ОҢАЙ ШЕШІМІ
«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясында бір уақытта екі өтініш беруге мүмкіндік туды. Мемлекеттік корпорацияда «қайтыс болуын тіркеу» мемлекеттік қызметіне өтініш бере отырып, «жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызметіне де өтініш қалдырып кетуге мүмкіндік берілді.
Ол үшін қызмет алушы мемлекеттік корпорацияның фронт–офисіне жүгінеді. Фронт-офис операторы бір уақытта «Қайтыс болуын тіркеу» және «Жерлеуге берілетін төлемдерді тағайындау» үшін екі өтініш қабылдайды, бұл ретте «жерлеуге берілетін жәрдемақыға» өтініш күнін толтырусыз беріледі.
Қайтыс болуды тіркеу үшін өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігі, сәйкестендіру үшін қайтыс болған адаммен туыстық байланысын растайтын құжат, қайтыс болған адамның жеке куәлігі қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бір жұмыс күнінде беріледі, орындалған құжатпен әрі қарай жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындауға қабылданған өтінішпен рәсімдеуге жіберіледі. Бұл ретте қайтыс болған адам осы елді мекенде зейнетақы не жәрдемақы алушы болса, онда оператор Е-макет базасы өтінішті қалыптастырады. Ол үшін жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжаты, қайтыс болуы туралы куәлік немесе анықтама және есепшот нөмірін тапсыру қажет. Жерлеуге берілетін жәрдемақы сомасы қызмет алушының банктік шотына жерлеуге берілетін жәрдемақыны тағайындау туралы өтініш тіркелген күнне бастап 5-ші жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.