ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ЖЕКЕ КУӘЛІКТЕРДІ ТАНЫСТЫРДЫ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жаңа үлгідегі жеке куәліктерді көрсетті. Жаңа жеке куәлігтің дизайны ішінара өзгертіліп, ақ-қара түсті фотосурет түрлі-түстіге ауыстырылған, құжаттың түс гаммасы, ашықтығы мен анықтығы жақсартылған. Бұл туралы Алаш айнасы хабарлайды.
Министрліктің мәлімдеуінше жеке куәліктердің барлық қорғаныш деңгейі сақталып қана қоймай, сонымен бірге жаңа элементтермен де толыққан.
Құжаттың қорғаныш қабатына қосымша элемент енгізілген. Мәселен куәліктің оң жақ бетіне құжат иесінің голографиялық бейнесінің кішірейтілген түрі орналастырылды, ол құжатты қолдан жасаудан қорғанудың жоғарғы деңгейін білдіреді екен.
Мамандар Үкіметтің 2014 жылдың 23 қазандағы қаулысына сәйкес, 2014 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, жаңа үлгідегі жеке куәліктерді шығару жоспарланып отырғанын еске салды.
Осы қаулы күшіне енгенге дейін берілген ескі үлгідегі жеке куәліктер пайдалану мерзімі аяқталғанша жарамды деп есептеледі.
Бұрынғы жеке куәліктерді түрлі-түсті фотосуреті бар жаңа куәліктерге ауыстыру азаматтардың қалауы бойынша жүзеге асырылатын болады.
Жаңа жеке куәлікті беру үшін алынатын мемлекеттік баж салығы бұрынғыдай айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызы көлемінде болады, ол - қазіргі уақытта 370,4 теңге.