ҚАЗАҚСТАНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАҒАЗ ХАТТАМА ТОЛТЫРМАЙТЫН БОЛДЫ
Астанада е-айыппұлды ресімдеудің жаңа жүйесі сынақтан өткізілуде, соның арқасында жол-патрулдік полиция қызметкерлері қағаз хаттама толтырмайтын болады.
Қазақстанда жол-патрулдік полиция қызметкерлерінің қолына планшет ұстап, жол жүру ережесін бұзу туралы қағаз хаттама толтырудан босатылады, деп хабарлайды Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат Мусин. Астанада е-айыппұл ресімдеу өткен бейсенбіден бері сынақтан өткізілуде.
"Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитет жасап шығарған бұл жүйе жол полициясы қызметкерлерін қағаз хаттама толтырудан құтқарады", — деп жазды Мусин Facebook парақшасында. Оның берген мәліметіне сүйенсек, прокурорлар мен полиция қызметкерлері қалада жүріп, планшеттердің дұрыс істеуін тексеріп жатыр. Полиция қызметкерлеріне тағы да бір жақсы мүмкіндік туып тур — олар жүргізушілер туралы барлық ақпаратты қолма-қол ала алады. Ол үшін жүргізушінің ИИН нөмірін енгізсе болғаны.