ҚОСШЫҢЫРАУ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢА АУЫЛ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған Бауыржан Арысбаев басқа қызметке ауысуына байланысты, жаңадан ауыл әкімінің сайлауы тағайындалған болатын.
Осыған сәйкес кеше Қосшыңырау ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі таңдаушылар отырысы өткізілді.
Өткізілген сайлау қорытындысында Дулат Таубайдың кандидатурасы қолдау тауып, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Таубай Дулат Раушанбекұлы 1962 жылдың 14 маусымында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімді.
1983 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педогогика институтын «Математика пәнінің мұғалімі», 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Заңгер», 2004 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қармақшы ауданындағы №186 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болып бастаған ол білім саласында басшылық қызметтер атқарған. 2006-2017 жылдары Белкөл кентінің әкімі, қала әкімінің кеңесшісі, қалалық ішкі саясат, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшысы болды.
Қала әкімінің баспасөз қызметі