Алматы облысында белгісіз мақұлық үй құстары мен ұсақ малдарды қырып кеткен

Мыңбаев тұрғындарынан маза кеткелі үш ай. «Жұмыртқасын сатып, етін азық қылып отырған үй құстарының өлексесін жинаудан шаршадық» дейді олар. Тұрғындар итке ұқсайтын бұл мақұлықтың түрі ерекше екенін айтады. Айтуыларынша, көздері қызыл, тұмсықтары үшкір. Олар жақындағанда өзге иттер үрмек түгілі қыңсылдап, үйшіктерінен шықпай қояды екен. Олар тегі белгісіз құбыжық бара-бара ұсақ мал мен құсты қойып, балаларға шаба ма деп қорқады.
Енді тұрғындар жұмбақ жануарды өз күштерімен анықтау үшін қақпан құрып, түнімен кезектесіп қораны күзетіп жүр.