ДИМАШТЫҢ ГУАНЧЖОУДАҒЫ КОНЦЕРТІНІҢ ВИДЕОСЫ ПАЙДА БОЛДЫ
Димаш «Мен әншімін» жобасынан кейін Қытайда концерт беруде. Интернетте оның Гуанчжоу қаласындағы концертінің түсірілімі пайда болды.
Димаш Құдайберген қытайлық тележобада орндаған қазақтың «Дайдидау» мен Қытайдың «Күзі мұң» әндері қазір Қытайдың музыкалық рейтингінде жоғары тұр.
Айта кетелік, 14-кезеңге созылған Қытайдағы Singer-2017 кәсіби әншілердің байқауына қатысқан Димаш Құдайберген гонконгтің әнші қызы Sandy Lam-ге жол беріп, ІІ-орын алған еді. Бірақ Қытай халқы оны І-ші деп танып, оған «Тәңір жарылқаған әнші», «Ән әлемінің адмиралы», «Ақ ханзада» сынды аттар беріп, көкке ұлықтады.
Қазір Димаш Қытайды аралап, концерт беріп жүр. Арасында Францияға барып, өнер көрсетіп келген. Ал әлем елдеріне турнесін Димаш ЭКСПО кезінде Астанадан бастамақшы. Оны асыға күтіп отырған шет мемлекеттер өте көп. Осы концерттен соң Димаш Францияға ұшып кеткен. Онда 17-мамырда Канн кинофестиваліндегі қазақстандық павильонның ашылуы кезінде Димаш ән айтады.
Дереккөз 365info.kz