АЙМАҚ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІМЕН ТАНЫСАДЫ
Осы жылғы 18 мамыр күні «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келеді деп жоспарлануда.
Іс-сапар барысында төраға облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін ІІ Халықаралық интернет-форумға қатысып, ерлер киімін тігетін «DALATEX» ЖШС мен темір бетон өнімдерін өндіретін «Нұр-Строй ЛТД» серіктестігінің жұмысымен танысатын болады.
Мұнан кейін Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Өңірлік кеңестің отырысына қатысып, аймақ кәсіпкерлерінің проблемаларын талқылайды.
Осы ретте, іс-шараны ақпараттандыруға қызығушылық білдірген БАҚ өкілдерінің 2017 жылғы 17 мамыр, сағат 15.00-ге дейін 8 775 405 89 35 немесе b.mamen@palata.kz электронды поштасына хабарласып, аккредитациядан өтуін сұраймыз.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі