АЙМАҚ БАСШЫСЫ ШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

-Шахмат ойыны жоғары интеллектуалдық спорт түрі. Шахмат - адамның ақыл-ойының дамуына ықпал ететін білім. Шахмат ойыны балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Әсел, Назерке, міне осындай интеллектуалды додадағы сіздердің жеңістеріңіз мыңдаған жастың шахматқа деген құлшынысын арттыра түскеніне сенімдімін. Егер әрбір жас осылай өз мақсатына ұмтылатын болса, онда Қазақстан міндетті түрде алдыңғы қатарлы елге айналады,-деген облыс әкімі спортшыларға сәттілік тіледі. Жас спортшылардың алдағы халықаралық додаларда ел абыройын асқақтата түсеріне сенім білдірді.
Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали және олардың бапкері Василий Шимелков аймақ басшысына және барлық жанкүйерлерге алғыс айтты.
Облыс әкімі Әсел Серікбайға 500 мың теңгенің, Назерке Нұрғалиға 300 мың теңгенің, ал жаттықтырушысына 200 мың теңгенің сертификаттарын табыс етті.
