СЫР БАЛЫҒЫ АРҚА ТӨСІНЕ ЖОЛ ТАРТТЫ
ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы арнайы әзірленген кестеге кеше Әйтеке би кентінен балық өнімдері елордаға жөнелтілді.
Ағымдағы жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде көрмеге қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысынан 6847 тонна күріш, 596 тонна балық және балық өнімдері, 215 тонна бақша өнімдерін жөнелту жоспарланған.
Астана қаласына жеткізілген балық өнімдерін сақтап, сатуға «Алай» сауда орталығы белгіленіп, мұздатқыштармен, тоңазытқыштармен және сату алаңдарымен қамтамасыз ету жөнінде меморандумға қол қойылған.
Осыған сәйкес «Қызылорда СПК Балық» ЖШС әзірлеген 3 тонна көксерке фаршы, «Ар-М-Кон» ЖШС мамандары дайындаған 637 келі ақтабан, 552 келі мөңке, 212 келі сазан, жеке кәсіпкер «Т.Игіліковтен» 1309 келі сазан, 784 келі шортан және 91 келі балықтың төсі рефрижераторлармен жабдықталған «DAF» автокөлігіне тиеліп, Арқа төсіне жол тартты.
Ж.АЙЫМҚҰЛОВ.