РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШ БАЙЛАНЫСЫ ОРТАЛЫҒЫНДА БІРЕГЕЙ РАДИОМҰРАЖАЙ ҚҰРЫЛДЫ
РҒБО басшысы Виктор Лефтердің айтуынша, бастама әріптестер ғарыш байланыс орталығына раритетті радиоқабылдағыш сыйға тартқан кезде бірнеше жыл бұрын туған. Кейіннен бұл акцияға РҒБО қызметкерлері қосылды.
Мұражайдың барлық радиоқабылдағыштарына жөндеу жұмыстарын жасалған. Экспозиция Ақкөл қаласында KazSat ғарыш аппараттарын басқарудың жерүсті кешенінің конференция залына орналастырылды.
«Бүгінде мұражайда 150 экспонат бар, оның ең көнесі 1938 жылғы РН-1 радиоқабылдағышы. Тағы бірі 1927 жылы шыққан 80-100 МГц диапазонында жұмыс істейтін УҚТ қабылдағышы бар», - деді Лефтер. Жыл сайын мұражайда радиоқабылдағыштардың саны артуда. Келешекте РҒБО ұжымы радио сүйгіштер клубын және ұжымдық радио станса құруды жоспарлауда. «Бұл жас ұрпақ байланыс неден бастау алатынын, ол не үшін қажет екенін білу үшін керек», - деп санайды РҒБО басшысы.