ЕССІЗДЕР МӘНШҮКТІҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТИІСТІ
Таспадан бозбаланың Мәншүктің ескерткішіне мініп, суретке түскені анық көрінеді. Видео көріністеріне қарағанда оқиға Ресейдің Псков облысындағы Невель қаласында болған. Бірақ нақты уақыты жазылмаған.
Видеоға пікір білдіргендердің көпшілігі бұл басбұзарлық әрекет жазасыз қалмау керек деген ойларын білдіреді.
Мәншүк Мәметова жиырма жасқа толар-толмаста өз еркімен майданға аттанып, 21-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан. Ол 1943 жылдың 15 қазанында осы Невельді босату үшін болған ұрыста жау оғынан қаза тапты.
Ескерту: бейәдеп сөздер көп айтылғандықтан видеоның дыбысы өшірілді