ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ТҰҢҒЫШ СЛЕТІ ӨТТІ
12-13 мамыр күндері Қызылорда қаласында аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің слеті өтті. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, сонымен қатар, Қызылорда облысының жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Слет аясында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Ахметжановтың қатысуымен «Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың ролі» атты форум ұйымдастырылды.
Форум барысында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Елбасының кәсіби мемлекеттік аппарат құруға баса назар аударғанын айта келе, оны сәтті іске асыру үшін қажетті заманауи тәсілдерді атап өтті.
Аймақ басшысы нарық заманындағы мемлекеттік менеджментті дамытуда жобалық басқару тәжірибесін енгізудің маңыздылығына да ерекше тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке білімді, білікті жастарды, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасымен білім алған азаматтарды тарту мәселесін қозғады.
Форумға қатысушылары мемлекеттік қызмет саласындағы өткір, өзекті проблемаларды қозғап, ұсыныстарын ортаға салды.
Айта кетейік, екі күнге созылған шара барысында әр аймақтан келген мемлекеттік қызметшілер Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени орындарды аралап, мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған спорттық шараларға қатысты.
Сондай-ақ, слет аясында 5 шақырымдық «Адал жол» марафоны ұйымдастырылды.