КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2017 жылдың 11-15 мамыр аралығында облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовпен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының «Талапқа талғам-таразы» атты кәсіби бағдар беру ақпараттық-насихаттық тобының облыс аудандарында мектеп бітіруші түлектеріне мамандық таңдау бағытында керуен жұмысы ұйымдастырылуда.
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы 13 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы мамандары және «Серпін-2050» бағдарламасына сәйкес еліміздің 12 жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарынан құралған топ үгіт насихат жұмыстарын бастады.
«Серпін -2050» бағдарламасы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі, Атырау мұнай және газ университеті, Көкшетау қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Жезқазған қаласы, О.Байқоңыров атындағы университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті,М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Павлодар облысының аграрлы –техникалық колледжі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Семей қаласы, «Право и бизнес» колледжінің мамандары қатысады.