ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА БҰҰ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ 4-ШІ ӘЛЕМДІК АПТАЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды акция шеңберінде 2017 жылдың 10 мамыр күні Жол қозғалысының жас инспекторлары мен №198 орта мектебінің оқушылары іс-шара өткізді. Шара барысында оқушылар көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасап, жолда жүру мәдениетін сақтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Сондай-ақ, олар аумақ басшысына өтініш білдіріп, барлық жол қозғалысы қатысушыларының атынан жол қозғалыс қауіпсіздігінің әлемдік апталығын қолдауын сұрады.
Бұдан бөлек, шара барысында қатысушылар бүкіл әлем балаларының көмегімен жасалған Жол қозғалыс қауіпсіздігінің балалар декларациясын Қызылорда ҚІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Руслан Шағырбайға табыстап, ол балаларды Қазақстан Республикасы ІІМ ӘПК атынан Жол қозғалыс қауіпсіздігінің 4-ші әлемдік апталығының ашылуымен құттықтады.
Облыс тұрғындары арасында жылдамдықты сақтау ережесін бұзбау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.