ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ СЛЕТІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда қаласында аймақтық жас мемлекеттік қызметшілердің І слеті басталды. Елімізде тұғыш рет ұйымдастырылып жатқан шараға Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының мемлекеттік қызметшілері қатысады.
Слет аясында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев пен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С. Ахметжановтың қатысуымен «Дамыған 30 елдің қатарына кіруде жастардың ролі» атты форум өтеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті, өткір мәселелер мен жас мемлекеттік қызметшілер ұсыныс-пікірлері талқыланады.
Шара барысында мемлекетттік қызметшілер арасында шағын футбол мен волейболдан жарыс өтеді.