ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келген Артур Нығметов тағайындалып отыр.
Артур Нығметов 2007 жылы Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетін және 2008 жылы Мәскеудегі саяси зерттеулер мектебін аяқтаған. Швецияның мемлекеттік және муниципалдық басқару университетінде (SIPU International) тағылымдамадан өткен.
Жергілікті телеарналардың жаңалықтар бөлімінде қызметін атқарып, авторлық бағдарламалар жүргізген. «Назарбаев орталығы» ММ-де бас сарапшы, Нұр Отан» ҚХП қоғамдық саяси институтының штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарып, SarapTime сарапшылар клубына жетекшілік еткен.
Осы қызметке дейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды.