«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ – ЖҮЛДЕНІ ҰТЫП АЛ!» акциясы басталды
Өткен жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҰКП қолдауымен, республика бойынша «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясын жариялап, белсенді тұтынушылар арасында жүздеген бағалы сыйлықтар ойнатқан болатын. Бас жүлдеге - Chevrolet маркалы автокөлігі тігілген еді.
Тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сауда мәдениетін көтеру мақсатында биыл да жалғасады.
Аталған акция ағымдағы жылдың 1 мамыр мен 30 қараша аралығында жүргізіледі. Шара электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарды көрсетіп шағым жібере алады.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ай сайын жүлделердің ұтысын өткізеді. Өткен жылы қызылордалық белсенді қатысушылар бірнеше теледидар, ноутбук, ұялы телефондар ұтып алған болатын. Финалдық ұтыс жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде болады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады.
Қаншалықты көп чек жіберсеңіз - жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.
Сыйлықтарды, бас жүлде автокөлікті ұтып алуға белсенді қатысуға шақырамыз!
Б.ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы