БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ӨКІЛІН ҚАБЫЛДАДЫ
Кеше облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев Шымкент эпархиясы Қызылорда қаласы Қазан Құдай Ана Иконасы храмы приходының настоятелі Ивашинин Витали Александровичті қабылдады.
Өңірдегі христиандық бағыттағы діни бірлестіктердің ахуалын талқылаған кездесуде басқарма басшысы мен дін өкілі ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының ережелеріне сай діни бірлестіктердің қоғам өміріндегі конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту бағытында ой бөлісті.