ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Мекеменің «Сауықжай» ғимаратында облыстық филармония өнерпаздары Н.Тілеулесова, З.Баймырза, Р.Үсенов, Ә.Қуаңбаев және Ж.Баймырза тәрбиелік мәні бар ән-термелермен қатар, «Қазақ елі», «Ардағын күткен арулар», «День Победы» секілді жауынгерлік рухтағы патриоттық туындыларды шырқады.
Мекеме әкімшілігі тарапынан өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілген бұл мәдени-бұқаралық іс-шара, жазасын өтеуші сотталған азаматтардың мереке күндерін мәнді де мағыналы өткізуіне септігін тигізді.
С.КИМ,
ЗК-169/5 мекемесінің САТЖЖБ-нің бастығы,
әділет майоры.