АСТАНАДА ИТТЕР ДЕ СЫНАҚ ТАПСЫРАДЫ
Сынақтан өткен жағдайда жануарларға «Қалалық үйретілген ит» атаулы куәлігі беріледі. Бұл туралы Elorda.info хабарлап отыр.
Астана қаласы әкімдігі қаулысының жобасына сәйкес, сынаққа бір жасқа толған, дені сау иттердің барлық тұқымы қатысуы тиіс. Үй асырандылары бөгде адаммен, велосипедшімен кездесу, жүріп келе жатқан бір топ адамның арасынан өту, жолдың көлік жүретін бөлігінен жанында жүгіріп бара жатқан адамдармен бірге өту секілді сыннан өтеді.
Жаттығуларды жасау кезінде иесінің әрекеттерінің дәлдігі мен иттің орындау машықтары бағаланады. Жеті машықтың төртеуін дұрыс орындаған ит сынақтан өткен болып есетпеледі. бойынша оң нәтижеге қол жеткізілгенде өтті деп есептеледі.