АЛИМЕНТТЕН БОРЫШКЕРЛЕР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
Қызылорда қалалық прокуратурасы «Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы аясында жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесе отырып, борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша кең көлемді жәрмеңке өткізді.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Сейіл Ботакөз хабарлағандай біріге өткізген шара нәтижесінде бос жұмыс орындарына 94 борышкер орналастырылып, қазір олардан алимент өндіріле бастады. Жыл басында 430 борышкерден 688 балаға 141 млн. теңге берешек қарызы қалыптасқан еді. Қазір 245 борышкер 379 балаға 72 200 000 теңге көлеміндегі қаржыны ішінара өтеді.
Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтырып жүрген 27 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 5-еуі қамаққа алынса, ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес, 10 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды.