ЖҰМА КҮНІ ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
12 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қарағанды, Қостанай облыстарында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға, кей жерлерде екпіні 25 м/с-ға дейін күшейіп, күндіз кей жерлерде бұршақ жауады деп күтіледі. Алматы облысында түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде бұршақ күтіледі, желдің күші 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл (15-20 м/с) соғады.