ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІ ӘШКЕРЕЛЕНДІ
Жаңақорған аудандық сотында заңсыз ойын бизнесіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы бір ғимаратты жалға алып, ол жерден заңсыз ойын бизнесін ашқан. Ол ғимаратқа бір жүйелі блок, бір монитор мен төрт теледидар қойып, ойыншылардан 200 теңгеден алып, құмарлық ойындарды интернет арқылы ойнатқан.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 307 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.