ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ
Су айдындарында болатын қайғылы жағдайлардың алдын-алу және қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» құтқарушылары Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, онлайн режимінде интерактивті сабақ өткізді. Облыс аумағындағы 20 мектепті қамтыған интерактивті сабақ барысында құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік ережелерін және төтенше жағдай орын алған жағдайда азаматтардың іс-әрекеттері жөнінде айтты.
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» ғылыми практикалық орталығында мекеме басшысының орынбасары Мирамбек Доспенбетов және сүңгуір бөлімінің бас құтқарушысы Ролан Әбдіқалықов су айдынында зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар олар судағы қауіпсіздік ережесін, төтенше жағдайлардың алдын алу, және су айдынында зардап шегушіні құтқару тәсілдерімен таныстырды.