АЛМАТЫДАҒЫ КӨЛІК АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР САНЫ АРТТЫ
Алматыда қоғамдық көлік пен Mercedes-Benz G-класс соғысып, 15 адам зардап шекті. Бұл туралы "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасаған tengrinews.kz хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болған. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатыпты. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған.
Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кет, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен деген дерек айтылғанмен қазір олардың қатары өсе түскені белгілі болып отыр.