ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН СЕМИНАР
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Жеңіс күніне орайластырылған патриоттық бағытта оқу семинары өткізілді.
Іс – шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы А.Оразбақов соғыс жылдары туралы лекция оқыды. Өзінің лекциясында Отаны үшін соғысқан батырлар туралы, соғыстан кейінгі жылдар, сол жылдардағы балалар туралы кеңінен сөз етті.
Қорытынды сөзінде оқытушы Қазақстанда Ассамблеяның маңызды роль атқаратынын атап өтті. «Жауды жеңуге халықтың бірлігі көмектесті, қазір еліміз осы бірліктің арқасында жаңа белестерді бағындырып, биіктерден көрінуде» - деп қорытты сөзін А.Оразбақов.
Іс-шара соңында департамент қызметкерлеріне «Они сражались за Родину» деректі фильмі көрсетілді.