ПУТИН ХОККЕЙ ОЙНАДЫ
Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Түнгі хоккей лигасының (ТХЛ) гала-матчында ойнап, жеті рет гол соқты.
«РИА Новости» агенттігінің жазуынша, Путин жетекшілік еткен «Легенды хоккея» командасы «Түнгі хоккей лигасының құрамасына» қарсы ойнады. Матч «Легенды хоккея» командасының пайдасына 17:6 (6:1, 7:2, 4:3) есебімен аяқталды.
Бірінші кезеңде РФ президенті бір гол салып, бірнеше рет нәтижелі пас берді. Ал екінші және үшінші кезеңдерде үш-үштен алты шайба соқты. Айта кетейік, бұл Ресей басшысының Түнгі хоккей лигасының матчына бірінші қатысуы емес. 2016 жылы оның командасы 9:5 есебімен қарсыластарын қапы қалдырған болатын, бір шайбаны Путин соққан еді. 2015 жылы президент Сочиде өзінің туған күнінде «ТХЛ жұлдыздары» командасының құрамында өнер көрсетіп, жеті рет қақпаны дәл көздеген.