АУЫР АТЛЕТТЕРІМІЗ ТАҒЫ ДА АЛДА
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорт ойындары аясында ауыр атлетикадан жарыстар өтті.
Айтулы жарыста Қызылорда облысының ұлдар құрама командасы 180 ұпаймен жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, осымен үшінші мәрте спорт ойындардың жеңімпазы атанды.
Жекелей есепте 56 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Ергенбай спорт ойындардың алтын жүлдесін иеленді. 85 келіде Аят Әмірбеков пен +105 келіде Мейіржан Молдағали күміс, 77 келіде Арыстанбек Жақанша қола жүлделерді еншіледі.
Қыздар арасында 90 келіде Гүлназ Шәмиева 2-орынға ие болды.
Арыстанбек Жақанша мен Евгений Ломанов маусым айында Токиода ауыр атлетикадан жастар арасында өтетін Әлем чемпионатына, ал Аят Әмірбеков қыркүйек айында Ашхабадта болатын Азия ойындарына қатысады.