БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болып, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Атырау, облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.