ҚАЗАЛЫДА ЖЕҢІС КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Мұнан соң қолдарында соғыс ардагерлерінің суреттері бар «Жасампаз жасақ» шеруі орталық алаңнан «Жеңіс» саябағына дейін жүріп өтті. Шеру сапында Ұлы Отан соғысында қаза болған, елге оралып қайтыс болған ардагерлердің ұрпақтары, батыр аналар мен жастар бар.
Салтанатты шара «Жеңіс» саябағындағы «Тағзым» алаңында жалғасты. Аудан басшысы бастаған қауым «Мәңгілік алау» алдына гүл шоқтары қойып, ардагерлерге құрмет көрсетті.
Мереке Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған концерттік бағдарламаға ұласып, тұрғындар жауынгерлік ботқадан дәм татты. Айта кетейік, биылғы Жеңіс күні мерекесіне келген қазалылықтардың қарасы қалың болды.
Жалпы, Ұлы Отан соғысына Қазалы ауданынан 10770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күнде 5 ардагер арамызда жүр.