КІТАПХАНА ОҚЫРМАНДАРЫ БАС ҚОСТЫ
Қаладағы №16 және №7 кітапханаларының ұйымдастыруымен жазушы Смағұл Елубаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ақ боз үй» трилогиясы бойынша кітап талдауы өткізілді.
Жазушы С.Елубаев «Ақ боз үй» романында өткен ғасырдың 30-жылдарында халқымыздың басынан кешкен ашаршылық, қиын-қыстау кезеңдері баяндалған.
Талдауға қатысушы зейнеткер Ибрагим Серікбай, Малика Асамұратова әйгілі романның жазылу тарихы кеңінен айтып берді. Шара барысында шығармада ғы жағымды, жағымсыз кейіпкерлер жайлы жан-жақты айтылып, кітапхананың тұрақты оқырмандары оқыған шығарма жайында өз ойларын ортаға салды.
Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы «Қаламы қарымды жазушы» атты тақырыпты көрме ұйымдастырылды.