ҚЫЗЫЛОРДАДА «БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ» АТТЫ КЕҢ АУҚЫМДЫ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛУДЕ
Балалардың жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттануының алдын алу, қауіпсіз жол жүру дағдыларын қалыптастыру мақсатында жазғы демалыс қарсаңында жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау, білім беру салаларымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мүдделі азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, ағымдағы жылғы 1 мамыр – 1 маусым аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды акция өткізілуде.
Акцияның алғашқы күні Қызылорда қаласының мәдениет паркінде өтті. 9 мамыр күні Жергілікті полиция қызметкерлері «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігінің қауымдастығы» қоғамдық бiрлестiгiмен бірлесіп Жол қозғалысының жас инспекторларының қатысуымен #БаяуҚозғал #Сбавь Скорость #SlowDown, #СпаситеДетскиеЖизни, #Балалардың өмірін сақтайық тақырыбында акция ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Жол қозғалысының жас инспекторлары жол ережелерін сақтау және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ата-аналар мен көлік жүргізушілеріне сауалдар мен сұрақтар қойды.
Шара соңында «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігінің қауымдастығы» қоғамдық бiрлестiгi балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында алыстан жарыққа белгі беретін лента (отражательная лента) тағып жүрулері керектігі жөнінде кеңес бере отырып, балалар мен олардың ата-аналарына таратты.
Сонымен қатар, «Жүргізуші, біз өмір сүргіміз келеді» деген ұранмен жол қозғалысының жас инспекторлары жаяу жүргіншілер жолағына шығып, жүргізушілер арасында насихаттау шараларын жүргізіп, жолда жүру мәдениетін сақтауға, барлық жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.
Бұл бағыттағы жұмыстар ОІІД Жергілікті полиция қызметімен әрі қарай жалғасын тауып, өз деңгейінде жүргізілетін болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі