ЭКСПО КЕЗІНДЕ ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ АШЫЛАДЫ
Биыл маусым айынан бастап Польшаның, Венгрияның, Финляндияның, Қытайдың жаңа әуе тасымалдаушылары ұшу жиілігі аптасына 11 рейс болатын 4 бағыт бойынша жұмыстарын бастайды.
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында айтты.
Қазақстандық тасымалдаушылар 7 қалаға 12 рейс ашуды жоспарлап отыр. Олар: Сиань, Киев, Минводы, Ереван, Жуковский, Челябинск, Томск. Сонымен қатар, Стамбул, Бейжің, Лондон, Сеул, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы, Санкт-Петербург, Үрімші бағыттары бойынша рейстерді көбейтетін болады.
«ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының дерегі бойынша халықаралық рейстермен 310 мың шетелдік жолаушы келеді деп күтілуде. Халықаралық бағыттарды толық қамту үшін 755 мың жолаушы орны берілетін болады.