2018 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖІӨ АЙТАРЛЫҚТАЙ АРТАДЫ - ХВҚ
ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2018 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсіміне қатысты болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат imf.org сайтына сілтеме жасап.
Оған сәйкес, 2018 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,4% артады. Ал 2017 жылы оның көлемі 2,5% деңгейде тіркелмек. ХВҚ сарапшыларының мұндай жағымды болжамына Қазақстанда мұнай өндіру көлемінің артуы және бюджеттік шығындарды азайтуға бағытталған ынталандырушы шаралар әсер еткен. 2015 жылдың соңында және 2016 жылдың басында орын алған девальвацияның әсерінен елде тұтыну бағалары күрт артқан, дегенмен инфляция Қазақстанның Ұлттық банкі болжаған дәлізде қалып отыр, деп есептейді ХВҚ сарапшылары. Экономиканың мұнай секторынан өзге салаларға келетін болсақ, өсім қарқыны шамамен 4 пайызды құрайды деп күтілуде. Оған құрылымдық өзгерістер мен банк кредиттерінің жандануы ықпал етеді. Алайда ХВҚ сарапшыларының пікірінше, биржалық тауарлар мен мұнай бағасының ұзақмерзімді төмендеуі қазақстандық экономиканың нығаюына кедергі келтіруі ықтимал. Жалпы, сарапшылар еліміздің ресми органдары дағдарысқа жауап ретінде қолға алған шараларына оң баға берді. Сонымен қатар директорлар экономиканың өсімін биржалық тауарлар мен мұнай бағасының төмендеуі ұстап тұрғандығын атап өтуде. Саяси шаралар Қазақстандағы макроэкономикалық саясат негізін нығайтуға, қаржылық сектордағы проблемаларды жоюға, қарқынды арттыруға және өсім диверсификациясына бағытталған реформаларды қолға алуға негізделуі тиістігі айтылды. Еске сала кетейік, 2016 жылы ХВҚ қазақстандық ЖІӨ-нің өсіміне қатысты болжамы әлдеқайда төмен болатын. Ол кезде қор өнімнің өсімі небәрі 0,6% болатынын болжады.