ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН ОРАЛМАНДАРҒА БАСПАНА МЕН 6 АЙДА АЗАМАТТЫҚ БЕРІЛЕДІ
Шетелден көшіп келген қандастарымыз азаматтықты алты айдың ішінде алатын болады. Бұл туралы бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және миграция комитетінің төрағасы Аслан Қаржаубаев мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Оның мәліметінше, 2012 жылы квота беру тоқтатылғалы, Қазақстанға көшіп келетін қазақтардың саны күрт азайған.
"Осы уақытқа дейін оралмандардың көшіп келу квотасы тоқтатылған болатын. Азаматтық алу құқығы да 4 жылға ұзартылған еді. Квота тоқтаған 2012 жылғы статистика бойынша, сол жылы 39 мың ағайын көшіп келді. Ал 2013 жылы 35 мың қандасымыз тарихи отанына ат басын тіреді. Биылғы жарты жылда 7 мың адам көшіп келген", - деді Аслан Қаржаубаев.
Оның айтуынша, "Үкіметтің қарауындағы көші-қон заңына осы мәселелер туралы біраз өзгерістер кіргізілді".
"Заңға сәйкес, ағайындар Қазақстан аумағының қай өңіріне келсе де өз еркі. Олар елімізге келісімен "оралман" мәртебесін алады. Тұрақты тұруға рұқсат алу үшін төлем қабілетін растамайтын болады. Үш айдың ішінде тұрақты тіркелуге рұқсат алысымен азаматтыққа өтініш бере алады. Ол да шамамен үш ай көлемінде бітеді. Осылайша, әр оралман жарты жылдың ішінде Қазақстан азаматы атануға мүмкіндік бар", - деді Қаржаубаев.
Комитет төрағасының мәліметінше, қандастарымыз үшін материалдық жағдай да жасалмақ. Баспана мәселесі де шешімін табатын болды.
"Үкімет белгілеген мекендерге көшіп барған ағайындарға жол шығындары төленеді. Міндетті түрде қызметтік пәтермен де қамтамасыз етіледі. Бұл қызметтік пәтерді олар 5 жылдан соң меншігіне алуға құқылы. Енді осындай жағдайлар жасалып отырғанда шетелден келетін қандастарымыздың саны артады деп ойлаймын. Шетелден келетін қазақтар үшін Қазақстанның есігі әрдайым ашық. Кейбір азаматтардың жаңсақ ақпарат таратып "шетел қазақтарына Қазақстан тосқауыл қойды" деген сөз дұрыс емес. Осыны әрбір қазақ біле жүргені жөн. Шетелден қазақ осы уақытқа дейін көшіп келді. Алдағы уақытта да көшіп келе береді", - деді Қаржаубаев.