ЭКСПО-2017 ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА БАЙҚОҢЫРДАҒЫ НЫСАНДАРҒА КІРУ ТАЛАБЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

«Біз осы бағытта 2014 жылдан бастап дайындық жүргізе бастадық. Осы уақыт аралығында қаланы абаттандыру мен туристік әлеуетін арттыру бағытында біраз шаруа атқарылды. Ендігі мақсат – қонақтарды қабылдаудың бірлескен жоспарына сай жұмыс істеу», - дейді Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко.
Жиында үкіметаралық келісімдерде бекітілген «Байқоңыр» кешенінде болу тәртібі жайлы айтылды. Кешен нысандарында болғысы келген РФ мен ҚР азаматтары келетін күннен 10 күн бұрын өтініш беру керек. Шетелдік азаматтар өтінішті 55 күн бұрын беруі тиіс.
«Роскосмос» филиалы директорының орынбасары Андрей Егоров мемлекеттік корпорация басшылығы ЭКСПО кезінде (2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін) шетелдіктерден Байқоңыр нысандарына бару үшін 10 күн бұрын өтініш қабылдау жөнінде ұйғарым жасағандығын айтты.
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Байқоңыр космодромына 2 мыңға жуық турист келеді деп күтілуде.