ҚОС МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ШАРА
Қызылорда қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алаңында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты іс – шара өтті.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің басшылары, ардагерлер қызметте жүріп қаза болған қызметкерлерді минуттық үнсіздікпен еске алып, олардың ескерткіштерін гүл шоқтарын қойды.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов жиынды салтанатты түрде ашып, бізге бейбіт күн сыйлаған ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғысын білдірді.
Кәсібилігі мен өзінің қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін 9 қызметкерге ведомстволық марапат, 22 қызметкерге алғыс хат берілді. 4 қызметкерге кезекті арнайы атағы тапсырылды.
Іс – шара салтанатты ант беру рәсімімен жалғасты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ботабаев жас қызметкерлердің халық алдындағы үлкен жауапкершілікті абыроймен алып жүруіне тілек білдірді. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының қызметінен 17 жас қызметкер ант қабылдады.
Іс – шара соңында Қызылорда облысы ТЖД бөлімшелері ескерткіш алдында әскери тәртіппен туды биік көтеріп, салтанатты маршпен жүріп өтті.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті