ЕРНАР АЙДАР ЕМ АЛУ ҮШІН ШЕТЕЛГЕ КЕТЕДІ

“Қымбатты қазақ елі! Алланың қалауымен араға 1 ай уақыт салып бүгін міне өз күшіммен аяққа тұрып, тәй-тәй басқан жайым бар. Еліміздің медицинасына басымды ием, қысқа мерзімде сауығуға айтулы қадам бастырып отыр. Сіздердің маған тілеген дұғаларыңыздың қабыл болуы деп білем! Дегенмен алдағы уақытта жағдайымды одан да жақсарту мақсатында, көрші Қытай немесе Корея еліне сапарға шықпақ ойым бар. Рақмет сіздерге, менің тілекшілерім”, – дейді Ернар.
Есте болса, сәуірдің 11-нен 12-сіне қараған түні әнші Ернар Айдар продюсерімен бірге жол апатына ұшыраған болатын. Омыртқасы сынған әнші бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Ол тек 14-сәуірде есін жиды. Араға бір апта салып ауруханадан шықты. Дәрігерлер Ернардың бір ай бойы отыруына тыйым салған еді.