ҚЫЗЫЛОРДАДА АРНАЙЫ – ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Арнайы – тактикалық жаттығудың негізгі мақсаты – авариялық құтқару құрамаларының және нысан қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, хлордың төгілуінен болатын апаттар орын алған кезде олардың іс- қимылының жеделдігін және тиімділігін қамтамасыз ету.
Оқу – жаттығу барысында авария жағдайын ауыздықтау және жою бойынша арнайы бөлімшелердің және өндірістік жұмысшылардың іс – қимыл тәртібі пысықталды. Кәсіпорын диспетчері авария туралы хабарламаны алғаннан кейін, тез арада нысан аумағында химиялық дабыл көтерді. Одан кейін авариялық – құтқару құрамаларын құлақтандырды.
Авариялық – құтқару құрамалары оқиға орнына келген бойда эвакуациялау шараларын жасап, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге және қорғаныш пердесінің көмегімен хлорды бейтараптандыруға кіріседі.
Арнайы – тактикалық оқу – жаттығуға 76 адам мен 24 техника жұмылдырылды.
Оқу – жаттығу қорытындысында ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, подполковник Б.Абдықадыров оқу – жаттығуға қатыстырылған ведомстволардың, аварияның алдын алуға жұмылдырылған күштер мен құралдардың іс – қимылы мен дайындығына оң баға берді
