АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚҰРМЕТ

Соғыс ардагері XX ғасырдағы қанды шайқаста елін қорғаған ерлер жайлы айтып, кешегі күннің естелігімен бөлісті.
Он жеті жасында майданға алынған Ыдырыс Қалиев жаяу әскер қатарында майданға кіріпті. 1944 жылдың күзінде Жапонияға аттанған жауынгер Жеңіс хабарын сол жүріп естіді.
Соғыстан кейін тұралап қалған ел тұрмысын түзеуге қатысқан майдангер «Ұлы Отан соғысы», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және басқа да медальдармен марапатталды.
1987 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққан ол қазір немерелері мен шөберелерінің ортасында бақытты өмір сүруде. Соғыс өтінде болған ардагер биыл 94-ке толып отыр.