АРАЛДА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ
Ұлы Жеңістің 72 жылдығында Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеуге қатысқан, Семей полигоны мен Чернобыль апатын қалпына келтіруге қатысқан азаматтар құрметіне арналған ескерткіш тақта қайта жаңғыртылып, ашылды.
Cалтанатты шарада аудан әкімі М.Оразбаев елі үшін өмірін ажалға байлаған азаматтар жайлы айтып, тарихты ұлықтау жас ұрпақ бойына патриоттық тәрбие қалыптастыратынын жеткізді.
Осы оқиғаларға қатысқан азаматтардың басын біріктірген ұйым төрағалары атқарылған игі іске ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді. Жиналған қауым ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойды.