ПЕТРОПАВЛДА ПОЛИЦИЯ КӨЛІГІ 9 ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫ ҚАҒЫП КЕТТІ
Жол-көлік оқиғасы болған сәтте түсірілген видео интернетте пайда болды. Tengrinews.kz порталы жариялаған көріністе полиция автомобилі оңға қарай бұрылғаны бейнеленген. Осы сәтте жол бойына велосипед мінген бала шыққан. Жүргізуші тоқтап үлгермей, көлік баланы қағып кеткен. Осыдан кейін, баланың жанына полицейлер мен жаяу жүргіншілер жақындаған.
"Сағат 19.25. Ұлымыз бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан, патрульдік көлік қағып кетті. Баланың омыртқасы зақымдалып, бүйрегінен соққы алған, көптеген жері ісіп, ауруханаға жеткізілді. Осы күнге дейін өздігінен отырып, жүре алмайды. Қатты қорқып қалған. Баламызды қаққан адамдар жазадан құтылып кеткісі келіп, барлық амалды жасап жатыр. Істі жаппақшы да болды. Біз кінәлілердің жазадан құтылып кететініне қатты алаңдаулымыз", - деді баланың әкесі Әділ Шарипов.