ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА ҚЫЗДАР ДА ОҚЫП ЖҮР
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті әскери кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жеке құрамын жаңа Қазақстандық патриотизмге тәрбилеу: жетістіктері мен проблемалары" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Дөңгелек үстелге кафедра студенттерімен қатар Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник М.Ш.Даулетбахов "Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің жеке құрамын жаңа Қазақстандық патриотизге тәрбилеу: жетістіктері мен проблемалары" тақырыбында баяндама оқыса, Әскери комендатура комендантының аға көмекшісі - аға лейтенант Е.Н.Жақсылық "Патриотическое воспитание молодежи" тақырыбына кеңінен тоқталды. 36739 әскери бөлімінің кезекшілік ауысымының бастығы, капитан А.Б.Елеулиев "Жастарды патриотық сезімді қалыптастыру бағыттары" барысында әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, ҚМУ университеті әскери кафедра аға оқытушысы подполковник Б.М.Бекниязов подполковник Н.Ө.Увайдаев және оқытушылары майор Б.Ердигаликов, майор Ш.Ш.Уксикбаев, майор С.М.Кенжегуловтар баяндама оқыды.
Естеріңізге сала кетейік, әскери кафедра оқытушылары сан мыңдаған ер студенттерге әскери саланың қыр-сырларын үйретіп, Отан алдындағы антына берік болуға тәрбиеледі. Қазіргі таңда офицер шеніне ие болған ер-азаматтар әр салада қызмет атқаруда.
2016 жылдан бастап, әскери кафедраға жігіттермен қатар, қыздар да қабылданды. Қазіргі таңда қаржы саласында білім алып жатқан 12 қыз кафедрада білім алуда.